Қытай мен Қазақстан су электр станциясын құру туралы келісім жасады

Қытайдың мемлекеттік "Гэчжоуба" өнеркәсіп тобы мен Қазақстанның технологиялық компаниясы Қазақстанда су электр станциясын құру туралы келісім жасады. Бұл келісімнің құны 727,8 миллион доллар көлемінде деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Бұл жобаны іске асыру үшін 57 ай қажет болады делінеді. Аталмыш келісім әлі үкіметтік деңгейде мақұлдануы тиіс.