Түркияда сот күрд тіліндегі газет басшысын түрмеге жапты

Түркияда сот күрд тіліндегі газеттің бас редакторын 21 жылға түрме жазасына кесті.

Хабарларға қарағанда, сот газетте жікшіл Күрдістан жұмысшылары партиясын жақтайтын материалдар басылған деп шешті. Түркия билігі бұл партияны террорлық ұйым деп есептейді.

Соңғы төрт жылда бұл газеттің бірнеше редакторы әртүрлі жаза мерзімімен түрмеге жабылды.