Билл Клинтон ауруханадан шықты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон Нью-Йорктің ауруханасынан емделіп шықты. Ауруханада оның жүрегіне күрделі операция жасалған болатын.

63 жастағы Клинтон ауруханаға кеудесінің сыздап ауырғанын сезінген бейсенбі күні жеткізілген болатын. Дәрігерлердің айтуынша, қазір оның көңіл-күйі жақсы, дүйсенбі күні-ақ жұмысына кірісе аалады.

АҚШ-тың бұрынғы президенті БҰҰ-ның зілзаладан зардап шеккен Гаити еліне бағытталған көмегін үйлестірумен айналысады.