Иран Каспий теңізінде мұнай бұрғылауды бастаған

Ирандық мемлекеттік телеарна хабарлағандай, Иран Каспий теңізіндегі бірінші мұнай бұрғылау жұмыстарын бастады. Иранның солтүстік бұрғылау компаниясының басшысы Хедоятолла Хадеми телеарнаға мәлімдегенінде, Иранның Каспий жағалауындағы мұнай ұңғымасы елдің мұнай көлемін анықтайтын жоспарлы шараларының бірі деді.

Хадеми бұрғылау жұмыстары өткен аптада басталған және ол су табанындағы 1,550 метр төмендікте орын алды деді. Бұл табиғи ресурсы мол Каспий теңізінен көбірек үлес алуға тырысқан Иранның соңғы жасаған шараларының бірі болып отыр.

Каспий теңізін Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түркменстан және Иран елі бөліседі. Бұл жерде Иран мен Әзірбайжан теңіздің өз жақтарындағы суасты аймағын бөлісе алмай келеді.