Сомали соты қарақшыларды түрмеге жапты

Сомали соты 11 қарақшының әрқайсысына 15 жыл түрме жазасын берді.

Олар 2009 жылы желтоқсанда Сомали жағалауында, сауда жүк кемесімен шатыстырып, халықаралық теңіз күштерінің әскери кемесіне шабуыл жасаған болатын.

Қару-жарағы тәркіленген қарақшылар бостандыққа жіберілді, бірақ бірнеше күннен кейін оларды сомалилік жағалау күзеті ұстады.