БҰҰ Солтүстік Кореямен келіссөздерін жалғастырады

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары сейсенбі күні коммунистік режимдегі Пхеньянмен жоғары деңгейдегі келіссөздер жалғасатындығын хабарлады.

Линн Паско БҰҰ-ның 2004 жылдан бері Солтүстік Кореяға барған ірі жоғары лауазымды дипломаты атанып отыр. Паско Пхеньянмен арадағы келіссөздердің жоспары туралы журналистерге айтқан жоқ, бірақ БҰҰ-ның бірнеше өкілін Солтүстік Кореяға жібергісі келетіндігін атап көрсетті.