Дүниежүзілік банк Қазақстанға 17 млн доллар несие беруде

Дүниежүзілік банк Қазақстанның салық жүйесін реформалауға бағытталған 17 миллион доллар несие беріп отыр. Осы жөніндегі жобаны банктің директорлар кеңесі сейсенбі күні мақұлдады деп хабарланды.

Дүниежүзілік банктің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жоба сондай-ақ Қазақстанның жалпы кәсіпкерлік ахуалының жақсаруына әсер етуі мүмкін.