«Республика» газетін баспаханада басуға рұқсат беруін биліктен сұрады

Қазақстанның журналстік қауымдастығы биліктен «Голос республики» және «Моя республика» газеттерінің баспаханада басылуына мүмкіндік жасауын сұрады.

Астанаға жолданған ашық хатта Қазақстандағы бірде-бір баспахана аталған газеттерді баспайтындығы, соған байланысты таралым қолмен түптеліп жатқандығы атап көрсетілген.

Өткен жылы Алматыда «Республика» газетін басумен айналысқан бірнеше баспахананы билік органдары жапқан болатын.