Қазақстан 2012 жылы БҰҰ адам құқығы кеңесіне сайланғысы келеді

Қазақстан 2012 жылы БҰҰ адам құқығы жөніндегі кеңесіне сайлануды көздейді деп хабарлады респубиканың сыртқы істер министрлігі.

Мекеме таратқан мәлімдемеде БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі бас комиссары Наванетем Пиллай Астананың бұл бастамасын қолдады делінген.

Вице-премьер Ербол Орынбаев бастаған қазақстандық делегация Женевада құқық негіздері мен адам бостандығын сақтау туралы Қазақстанның алғашқы ұлттық баяндамасын таныстырған.