Оңтүстік Осетияда журналист тұтқындалды

Грузияның жікшілдік Оңтүстік Осетия аймағында "Позиция" газетінің редакторы қамауға алынды деп хабарлайды Азаттық радиосының Кавказ жаңғырығы бөлімі.

Жергілікті билік орындары Фатима Маргиеваға заңсыз қару-жарақ алып жүрді деген айыптар тағып тағып отыр. Осыған байланысты қазір тергеу жүріп жатыр. Маргиеваның айтуынша, оның тұтқындалуының саяси себептері бар. Журналист өзінің қамауға алынуына наразылық ретінде аштық жариялап отыр.