Пәкістандағы жарылыстан 6 адам опат болды

Пәкістан әскерилерінің айтуынша, бүгін Суат жазығындағы Мингора қаласында орын алған көлік жарылысынан кемінде 6 адам қаза тауып, 10-нан астам адам жарақат алған.

Пәкістан күштері өткен ыжылы Суат жазығында Талибанға қарсы кең ауқымды әскери шарасын бастаған болатын.