Кабулдегі шабуылдан екі полиция қызметкері қаза болды

Ауғанстан астанасының орталығындағы сауда үйінде тіркелген жарылыстан екі полиция қызметкері қаза болды деп хабарлады Би-Би-Си.

Ауған полициясының мәліметі бойынша, жанкешті сауда орталығына кіре берісте жарылғышқы іске қосқан. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жарылыстан кейін бірнеше мәрте оқ атылған.