Ресей АҚШ-тың зымыраннан қорғаныс жүйесіне алаңдаулы

АҚШ-тың Еуропада жаңа зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарына байланысты Ресейдің бірқатар сауалдары бар. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Андрей Нестеренко мәлімдеді. Ол АҚШ-тың Еуропадағы бұл жоспары жақсылап ойластырылмаған деп атап көрсетті.

Оның алдында Румыния зымыраннан қорғаныс жүйесіне қатысты Вашингтонмен келіссөз жүргізетінін хабарлады. Ал Болгария бұл жобаға қатысуға қызығушылық танытты.