Ванкувер олимпиадасында Канада жеңімпазы ең көп ел болып отыр

Ванкувердегі қысқы олимпиада ойындарында Канада ең көп алтын алған ел атанды. Олимпиаданы өткізіп отырған елдің споршылары 13 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль алды. Екінші орында 10 алтын, 12 күміс, 7 қола медалімен Германия болсы, одан кейін Құрама Штаттардың спортшылары келеді. Қазақстан бұл олимпиада ойындарында тек бір күміс медалді иеленді.

Ванкувердегі олимпиада ойындары 17 күнге созылды. Бұл аралықта спорттың 15 түрінен 86 медаль үшін жарыс өтті. Қазақстаннан қысқы олимпиада ойындарына 39 спортшы қатысып, спорттың тоғыз түрінен өнер көрсетті.