Ирақта алдын-ала дауыс беру басталды

Ирақта парламент сайлауында алдын-ала дауыс беру басталды. БҰҰ-ның Ирақтағы өкілдігінің мәліметі бойынша, 600 мыңнан астам адам, негізінен сайлау күні қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін және дауыс беру кеңселерін күзететін қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері алдын-ала дауыс бере алады.

Ирақтағы парламент сайлауы жексенбі күні өтеді.