Динозаврлар жойылған уақыт анықталды

Ғалымдардың халықаралық комиссиясы динозаврлар 65 миллион жыл бұрын Жердің астероидпен соғысқанынан кейін жойылды деп белгіледі.

Қырықтан астам маман түрлердің жойылуына қатысты соңғы 20 жылда жүргізілген әртүрлі салалардағы зерттеулермен танысып шықты. Соның нәтижесінде ғалымдар алып жануарлар климаттың күрт өзгеруіне төтеп бере алмады деген қорытынды жасап отыр.

Бұған дейін динозаврлардың жойылуына жанартаулардың белсенділігі немесе биологиялық факторлар себеп ретінде қарастырылып келген еді.