Украина мен Ресей қарым-қатынастарын жақсартпақшы

Украина мен Ресей президенттері екі ел арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға уәде етті.

Жұма күні Украина президенті Виктор Янукович ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевпен өткізген келіссөзінен кейін: «Украинадағы жаңа билік Ресеймен арадағы соңғы бес жылда шиеленісе түскен қарым-қатынастарды өзгертеді», - деп мәлімдеді.

Өткен аптада президент ретінде ант қабылдағалы бері Янукович Ресейге алғашқы рет барып отыр. Ол осы аптаның басында президент ретіндегі алғашқы шетелдік сапарын Брюссельден бастаған болатын.