Швейцария жануарлар құқын заңмен қорғауға дауыс беруде

Бүгін Швейцария елдегі жан-жануарлардың конситуциялық құқын сотта адвокатпен қорғауды ұсынатын жалпы-ұлттық референдум өткізуде. Хайуанаттар құқын қорғаушылар адвокаттар жануарларды аяусыз әрекеттерден заңмен қорғай алады деп біледі.

Бірақ олардың оппонентері елде жануарларды қорғайтын заң жеткілікті дейді.

Жасылдар және Социалистер партиясы сынды қоршаған ортаны қорғаушылардың ұсынысымен референдумға шыққан бұл мәселені Швейцарияның үкіметі мен елдегі үлкен саяси Халықтық партия қолдамай отыр.