Пәкістанда жанкештілік жарылыстан 11 адам мерт болды

Пәкістаннан келіп түскен хабарларға қарағанда, Лахор өлкесінде орын алған жанкештілік жарылыстан кемінде 11 адам қаза тауып, 60-тан астам адам жараланды. Ресмилердің айтуынша, дүйсенбі күнгі шабуыл полиция ғимараты жанында болған. Бұл уақытта полиция бүлікші деп күдіктелгендерден жауап алып жатқан болатын.

Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті әлі ешкім өз мойнына алған жоқ.