Қазақстанда жоғалған тікұшақтағы адамдар құрбан болды

Қазақстанда жоғалған Ми-8 тікұшағы табылды, оның ішіндегі жолаушылар қаза болды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Бейсенбі күні Шығыс Қазақстан облысында елдің санитарлық авиациясының тікұшағымен байланыс үзілген болатын. Тікұшақ бортында 8 адам болған деп хабарланған еді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстық бөлімінің мәліметінше, Ми-8 тікұшағы жұма күні Үржар ауданында табылған.