Мысырдың мұсылман мен христиан топтары қақтығысты

Мысырдың солтүстігіндегі христиандар мен мұсылмандар арасында қақтығыстар орын алып, кемінде 24 адам жараланды.

Египеттің мұсылман тұрғындары мен копт христиандары арасындағы байланыс бұрыннан суыққанды, бірақ кейде ол дінаралық қарым-қатынас пен жерге қатысты мәселеде қақтығысқа айналып кетіп жатады.

78 миллион халқы бар Мысырдың 10 пайыз тұрғынын копт христиандары құрайды.