Ирақ сайлауында әл-Мәлики одағы алда келеді

Бағдадта жартылай саналып болған осыдан бір апта бұрынғы парламенттік сайлаудың дауыстары премьер-министр Нури әл-Мәлики жақтастарының алда келе жатқанын көрсетіп отыр.

Ирақтың сайлау ресмилерінің айтуынша, наурыздың 7-і күні өткен парламенттік сайлаудың ел астанасы бойынша бастапқы қорытындылары Мәликидің мемлекеттік заң альянсы бірінші орында, шийттердің діни партиясы Ирақтың ұлттық альянсы екінші орында және экс-премьер Аяд Аллавидің блогы үшінші кезекте келе жатқанын көрсетті.

Ирақтық ақпарат құралдары Бағдадта дауыстардың 18 пайызы ғана саналып бітті деп жазуда. Сайлаудың ақырғы нәтижелері бірнеше аптадан кейін шығуы мүмкін.