Израилде американ әйелдің өліміне қатысты сот тыңдаулары жалғасты

Израиль соты осыдан жеті жыл бұрын израилдік әскери бульдзер таптап өлтірген американдық әйелдің өліміне қатысты тыңдауларды жалғастырды. Азаматтық сот қыздың ата-анасы түсірген шағым бойынша қарала бастаған.

АҚШ белсендісі болған Рэйчел Корри 2003 жылы Газа аймағындағы Рафақ қаласында палестиналық үйлерді құлатып жатқан Израиль бульдозеріне қарсылық танытқанда, оны әскерлер басып өлтірген.