Үндістанда көлік апатынан 26 кісі қаза болды

Үндістанның Раджастхан штатында бүгін таңертең ірі көлік апатынан 26 адам қаза болды.

Хабарларға қарағанда, 60-қа жуық жолаушы мінген автобус жеңіл көлікпен соқтығысқаннан кейін көпірден құлап түсті.

Жол апатынан жараланған 34 кісі ауруханаға жеткізілді. Автобуста діни сапарлармен жүрген үндістер отырған.