Қызылағаштағы апаттан құрбан болғандар саны 40-қа жетті

Алматы облысы Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылында су тасқынынан қаза болғандар саны 40-қа жетті деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі.

Қазіргі күні іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижесінде 40 кісінің мәйіті табылды, олардың 12-сі балалар.

Алматы облысында су тасқынынан 3 767 адам зардап шекті деп танылды. Олар Қызылағаш, Ақтоған, Көлтабан, Егінсу және Құмтөбе ауылдарының тұрғындары.

11 наурызда Қызылағаш су қоймасындағы бөгет бұзылып кетіп, жақын маңдағы Қызылағаш ауылын су шайып кетті.