Тәжікстанда қар көшкінінен сегіз адам мерт болды

Тәжікстандағы қар көшкіні салдарынан кем дегенде сегіз адам қайтыс болған.

Республиканың төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, қар Душанбе-Худжанд автожолын басып қалған. Ішінде жолаушылары бар бірнеше көлік қар астында іқалған.

Комитет өкілдерінің айтуынша, қар көшкіні астында тағы да адамдар қалуы мүмкін, құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.