Непалда автобус өзенге құлап 13 адам опат болды

Непалдың батысында жолаушылар тасымалдаған автобустың қатысуымен болған жол көлік апатынан кем дегенде 13 адам қайтыс болды.
Жергілікті полицияның айтуынша, тау жолымен келе жатқан автобус ішіндегі 70 жолаушысымен бірге Карнали өзеніне құлап кеткен.

Непал үкіметі зардап шеккендерге көмек көрсету үшін оқиға орнына тікұшақ жіберді.