БҰҰ-ның бұрынғы өкілі: Талибанмен құпия келіссөздер тоқтады

БҰҰ-ның Ауғанстандағы бұрынғы өкілінің айтуынша, Пәкістанда жоғары дәрежелі Талибан мүшелерінің тұтқындалуына байланысты БҰҰ мен бүлікшілер арасындағы құпия келіссөздер тоқтаған. Норвегияда Би-Би-Си-ге берген сұхбатында Кей Эйд Талибанмен құпия байланыстар өткен көктемде басталған шығар деп атап көрсетті.

Осы айда өз миссиясын аяқтаған Эйдтың мәлімдеуінше, Талибанмен байланыс орнату үшін көптеген жол бар.