Қытайда су тасқыны мен лай көшкінінен 300 мың адам зардап шекті

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиясында орын алған су тасқыны мен лай көшкінінен 300 мыңнан аса адам зардап шекті.

Аймақта соңғы үш күн ауа-райының жылынуы мен қардың еруінен су тасып, лай көшіп жатыр деп «Би-Би-Си» хабарлап отыр.

Табиғат апаты мал шаруашылығы мен тұрғын үй саласына салдарын тигізіп жатыр. Көптеген жолдар жабылып, бірқатар кәсіпорындардың жұмысы тоқтаған. Бұл аймақта 20 мыңнан аса үй бұзылған.