Чехия: АҚШ пен Ресей ядролық келісімге Прагада қол қойса болады

Прага АҚШ пен Ресей арасындағы ядролық қаруларды азайту туралы келісімге қол қою рәсімін өткізуге келісті. Чехия сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Филип Канданың мәлімдеуінше, екі жақ арасындағы келіссөздер аяқталған соң аталмыш келісімге қол қою рәсімі Прагада өтсе болады.

Вашингтон мен Мәскеу келесі айда АҚШ-та өтетін ядролық басқосуға дейін жаңа келісім жасауды көздеп отыр. Стратегиялық қаруларды қысқарту келісімінің мерзімі желтоқсан айында аяқталған болатын.