"Лукойл" Ирандағы жобасын тоқтатты

Ресейдің "Лукойл" компаниясы Ирандағы мұнай жобасын тоқтатқанын хабарлады. Компанияның мәлімдеуінше, АҚШ үкіметі енгізген экономикалық санкцияларға байланысты "Анаран" жобасы бойынша жұмыстарды жалғастыру мүмкін болмай қалған.

"Анаран" жобасы Ирандағы 4 мұнай құрылымын қамтиды. Жобадағы қор 2 миллиард баррель мұнай шамасында делінеді.