Алматы облысының Алғабас ауылында 15 ауланы су басып қалды

Сәрсенбі күні Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Алғабас ауылындағы 15 ауланы су басып қалды. Бұл жөнінде хабарлаған төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, "еріген суды тұрғын үйлерден тазалау жұмысына екі экскаватор мен 15 жергілікті тұрғын жұмылдырылған".

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы еш ақпарат жоқ.