Тәжікстан Өзбекстанға нота жолдады

Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі темір жолдағы жүктерді өткізбей кешеуілдеткені үшін Өзбекстанға нота жолдады.

Тәжік Сыртқы істер министрлігі ақпарат департаментінің төрағасы Давлат Назриевтің айтуынша, « нота Өзбекстан аумағында екі айдың ішінде Тәжікстан мен Ауғанстанға арналған түрлі жүктер тиелген 1000 шақты вагондар өткізілмей, кедергі келтірілгеніне сәйкес табыс етілген».