Жәкішевті соттаған судья үкім әділ болды дейді

«Қазатомпром» атом компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің ісін қараған судья Нұрлан Жолдасбеков топ-менеджерге шығарылған үкімді аса ауыр деп есептемейді. Бұл туралы ол жұма күні Астанада өткен брифингте мәлімдеді.

Судьяның пікірінше, тергеу мемлекет қаржысын талан-таражға салу және пара алу айыптарына қатысты 29 эпизод бойынша Жәкішевтің кінәсін дәлелдеп шықты.

Астана қаласы №2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы Нұрлан Жолдасбеков 12-ші наурызда Мұхтар Жәкішевті 14 жылға, оның оққағары Талғат Қыстаубаевты 6 жылға соттау туралы үкім шығарды.

Айыпталушылардың адвокаттары қалалық сотқа аппеляциялық шағым түсіретіндіктерін мәлімдеді.