Оңтүстік Корея кемесінің суға батуына не себеп болғанын тексермекші

Оңтүстік Корея президенті Ли Мен Бак өз елінің кемесінің бірі не себепті Солтүстік Кореямен даулы шекара маңында суға батқанын тексеру керек деді.

Президент Ли бұл туралы үкіметтің төтенше отырысында мәлімдеді.

Жергілікті ақпарат құралдары Қорғаныс министрлігінің ресмилеріне сілтеме жасап хабарлауынша, кеменің жұма күні суға батып кетуіне Солтүстік Кореяның қатысы болмауы мүмкін. Дегенмен Оңтүстік Корея кемесінің апатына қатысты барлық жағдайлар тергеледі, онымен қоса кеменің ішінде жарылыс болу мүмкіндігі да қаралады.