Мүбарак Германиядағы ауруханадан шықты

Бүгін Мысыр президенті Хосни Мүбарак Германия ауруханасында сәтті өткен хирургиялық операциядан кейін үш апта емделіп, еліне оралды. Мысыр телеарнарының хабарлауынша, 81 жастағы Мүбарак сенбі күні Шарм-әл-Шейх курортына барып ем қабылдайды.

Хосни Мүбарак наурыздың 6-да Германияның Гейдельберг қаласында операциядан өткен, дәрігерлер оның емдеуге келмейтін өт жолын алып тастаған.

Мысыр елін 30 жылдай басқарған Мүбарак өзінің орнына елдің премьер-министрін қалдырып кеткен.