Таиланд премьері шерушілермен кездесуге келісті

Таиланд премьер-министрі Абхисит Ветчачива жаңа сайлау өткізуді талап етіп отырған наразылық танытушылармен бетпе-бет келіссөз өткізуге келісті. Бұл туралы Абхиситтің кеңсесі хабарлады. Оның алдында премьер-министр шерушілердің үзілді-кесілді талабын орындамайтынын айтқан болатын.

Наразылық танытушылар наурыздың 12-нен бері Бангкокте шерулер өткізуде.