Ирақта орын алған жарылыстан 5 адам құрбан болды

Ирақ полициясының хабарлауынша, жексенбі күні танымал суннит саясаткерлерінің үйлері жанында бірнеше бомба жарылып, кемінде 5 адам қаза тапқан. Алғашқы жарылыс Сириямен шекаралас Қаим қаласында орын алған. Кейін зардап шеккендерге көмектесу үшін жиналған адамдардың жанында тағы бірнеше бомба жарылған.