Қызылағаштағы су тасқынынан қаза болған бір баланың денесі табылды

Алматы облысы Қызылағаш ауылындағы су тасқынынан қаза болғандардың саны 44-ке жетті. Дүйсенбі күні апат аймағынан бес жасар баланың денесі табылды деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі.

Наурыздың 11-нен 12-не қараған түні Қызылағаш ауылына жақын жерде орналасқан су бөгенінің бұзылуы салдарынан елдімекенді су шайып кеткен болатын.