Қарағанды облысындағы «Қазақмыс» компаниясының кенішінде үш кенші опат болды

Сейсенбі күні Қарағанды облысы Сәтпаев қаласының маңында орналасқан №67 шахтаның территориясында үш жұмысшы қаза тапты деп хабарлап отыр Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, жұмыс істемейтін шаxтаның маңында жүрген кеншілер опырылған мұздың астында қалып, жан тәсілім еткен.