Халықаралық ғарыш станциясына аттанатын жаңа экипаж бекітілді

Байқоңыр ғарыш айлағындағы мемлекеттік комиссия сәуірдің 2-күні халықаралық ғарыш станциясына жарты жылға аттанатын экипаж құрамын бекітті.

Негізгі экипаждың құрамында – ресейлік Александр Скворцов пен Михаил Корниенко, американдық Трейси Колдвелл-Дайсон бар. Олармен бірге Александр Самокутяев, Андрей Борисенко және Скотт Келли де экспедицияға аттанбақ.

Экипаж халықаралық ғарыш станциясына үш шатл мен «Прогресс М» жүк кемесін қабылдауы қажет болады.