Қазақмыс шахтасында мерт болған 3-ші кеншінің денесі табылды

«Қазақмыс» корпорациясына қарасты №67 шахтадағы мұздың астында қалып, мерт болған үшінші кеншінің денесі бүгін таңертең табылды.

Сейсенбі күні аталған шахта аумағында 28, 23 және 22 жастағы үш кенші еріген мұздың астында қалып мерт болды.