Ресейдегі құқық қорғаушы өзінің нысанаға алынғанын айтады

Ресейдің құқық қорғаушы белсендісі 82 жастағы Людмила Алексеева Мәскеудегі шабуылдардың құрбандарын еске алу шарасы барысында өзінің нысанаға алынған болуы мүмкін екендігін мәлімдеді. Сәрсенбі күні "Парк культуры" метро станциясындағы құрбандарды еске алып, гүл шоқтарын қойған соң журналистерге сұхбат берген Алексеева соққыға жығылды.

Ресей бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, полиция осы шабуылға байланысты бір адамды тұтқындаған.