Ауғанстанға барған жапониялық журналист табылмай жатыр

Жапониялық журналист Ауғанстанда із-түссіз жоғалып кетті. Хабарларға қарағанда, ол Талибан бақылауындағы аймақта ұрланған болуы мүмкін.

Жапония үкіметінің баспасөз хатшысы сәрсенбі күні Ауғанстанның солтүстігіне барған 40 жастағы журналист Косуке Цунеоканың қазір қайда екендігі белгісіз деп хабарлады.