Жапония адам сияқты жымиып күлетін робот шығарды

Жапон ғалымдары өздерінің адам сияқты жымиып әрі дыбыс шығарып күлетін робот жасап шығарғандықтарын айтуда.

"Геминойд" деп аталған робот бетіндегі резіңке терілерін қозғалтып, өзінің сезімін білдіре алады екен. Оны жасаушылар бұл роботтар шынайы өмірде мәселен ауруханаларда қолданылса деп күтетіндіктерін айтады.