Қазақстанға АҚШ әскери қолбасшысы генерал Петреус келеді

Бүгін Астанаға АҚШ орталық күштерінің қолбасшысы генерал Дэвид Петреус сапармен келеді деп хабарлайды АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі.

Сапар аясында генерал Петреус Қазақстан үкіметінің және Қарулы күштерінің өкілдерімен кездесіп, АҚШ пен Қазақстан арасындағы әріптестіктің одан әрі дамуы жайында пікір алмасады.