Талибан Пәкістанда НАТО танкерлерін өртеді

Талибан бүлікшілері Пәкістанның солтүстік-батысындағы терминалға шабуылдап, Ауғанстандағы НАТО күштеріне арналған 8 автоцистернаны өртеді.

Жергілікті әкімшілік басшысы Шафирулла Вазирдің мәлімдеуінше, дүйсенбі күні таңертең Заха Хелдың Хайбер аймағында
ондаған бүлікші шабуылдарды ұйымдастырған. Бұл шабуылдан ешкім зардап шекпеді деп хабарланып отыр.