Ресей президенті Словакияға барады

Сейсенбі күні Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Словакияға сапары басталады.

Медведев пен словак президенті Иван Гашпаровичтің екіжақты келіссөзінде газ, атом энергетикасы, әскери-техника және көлік-тасымалдау салаларына қатысты жобалар бойынша ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Еуропаның қауіпсіздігі проблемалары, ЕуроОдақпен және НАТО-мен қарым-қатынастары сөз болады.

Ресей президентінің көмекшісі Сергей Приходьконың сөзіне қарағанда, өткен жылы бұрынғы ауқымынан 2 еседен аса кеміген екі ел арасындағы тауар айналымын қайта өсіру мүмкіндігіне ерекше ден қойылады.

2008 жылы Ресей мен Словакия арасындағы тауар айналымы 10 миллиард долларға тақаған болатын.