Ыстықкөлдің әкімі қызметінен кетпеген

Ыстықкөл облысының әкімі Қыдыбек Исаев өз құзырынан бас тартқанын теріске шығарды. «Кабар» агенттігіне берген сұхбатында ол: «Мен өз құзырымнан бас тартқан жоқпын. Мені қызметтен президент қана босата алады», -деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, наразылыққа шыққандар Қаракөлдегі облыс әкімінің қызмет бөлмесіне басып кіріп, бөлмені босатуды талап етті: «Мен тұрдым да шығып кеттім. Бір топ кісімен жалғыз төбелесе алмаймын ғой», - деп мәлімдеді Қыдыбек Исаев.