Румынияда балаларды шетелге сатпақ болған деген күдікпен 17 кісі ұсталды

Румынияның оңтүстігіндегі Тандареи қаласында балаларды Ұлыбританияға заңсыз аттандырмақ болған 17 күдікті ұсталды.

Румыния полицейлерінің ақпараты бойынша, 168 баланы Британияға жіберу ісіне қатысты 30-дан аса адамнан жауап алынған.

Тергеушілер бұл балаларды «қылмыстық мақсатта» пайдалану көзделген деген тұжырым жасап отыр.